about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Балалардағы аурулардың алдын алу мақсатында мамандар біліктілігін арттырудан өтті

Еліміздегі балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын, хромосомалық аурулардың алдын алу…

21, Шілде 2023

Еліміздегі балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын, хромосомалық аурулардың алдын алу, нәрестелер мен балалар мүгедектігі мен өлім санын төмендету мақсатында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының демеу көрсетуімен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің қолдауымен , Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас генетигі Н.М. Сүйіндікова және пренатолог бас маманы Р.И Ауелбекова ағымдағы жылдың 03 шілдесінен 14шілдесі аралығында Санкт-Петербург қаласының «Д.О Отта атындағы Акушерия, гинекология және репродуктология ғылыми – зерттеу институтында» біліктіліктерін арттырып , халықаралық деңгейде тәжірбие алмасып қайтты.
Кәсіби деңгейлерін дамыту кезінде іштен туа біткен ақаулар мен тұқым қуалайтын,хромосомалық аурулардың пренаталдық диагностикасының қарқынды дамып келе жатқан жаңа технологиялары мен заманауи мүмкіншіліктерін ортаға сала отырып , оның нәтижелері жөнінде пікір алмасты. Осы ретте пренаталдық скринингтегі (НИПТ ) инвазивті емес пренаталдық тесттің маңыздылығы,ерекшелегі, шектеулері және нәтижелері туралы мәселе талқыланды. Сонымен қатар пренаталдық скринингтің негізгі бағдарламасы бойынша ультрадыбыстық скрининг пен биохимиялық скринингтің әдістері мен жүктіліктің 1-2 триместрлеріндегі хромосомалық аурулардың ультрадыбыстық маркерлерінің маңыздылығы туралы тереңдетіліп оқытылды.
Казіргі таңда жасалатын инвазивті пренаталдық диагностиканың тиімді әдістерімен танысып, негізгі прициптері туралы пікір алмасып, ұрықтан алынған материалдарды цитогенетикалық (ФИШ) әдісі, молекулярлық-цитогенетикалық зерттеу (ПЦР; КФ-ПЦР, толық экзомды секвенирлеу әдістерінің қолдану ерекшеліктері туралы дәрістер алынды.
Пренаталдық диагностика мамандарымен қосыла отырып, пациенттерге ультрадыбыстық зерттеулер мен инвазивтік шараларға қатысуға мүмкіншілік туындады .
Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мен Қалалық перинаталдық орталығының әкімшілігі оқу және тәжірбие алмастыру іс шараларының ұйымдастырушыларына шексіз алғыс білдіреді. Болашақта пренаталдық диагностика аясында алынған танымдық дәріс және маңызды халықаралық тәжірбие алмасу нәтижелері , өңіріміздегі туа біткен және тұқым қуалайтын,хромосомалық аурулардың алдын алуға өзіндік үлесін қосады деп білеміз.
Осы ретте болашақ аналарымызға және фертильді жастағы әйелдерімізге жүктілікті жоспарлауға бағытталған предгравидарлы дайындық іс шаралар жиынтығын күшейтуді айта кетуді жөн көрдік.
«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» !

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық перинаталдық орталық» МКК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр. Нурсат 188

opc_4@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 77-40-59
Медициналық мекеменің байланыс орталығы