Басшылық
Махашева Акмарал Бейсеновна
Заместитель главного врача по медицинской частиГКП на ПХВ "Городской перинатальный центр"
Махашева Акмарал Бейсеновна 1966 жылы 11 сәуірде Түркістан облысы, Байжансай кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр. 1983 жылы Кентау қаласы №13 орта мектепті үздік бітірген.
1984-1990 жылдары аралғында Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
1990-1991 жылдары аралығында Шымкент қалалық №2 медициналық орталығында интернатурадан өткен.
Еңбек жолын 1992 жылы Шымкент қалалық №2 медициналық орталығында акушер-гинеколог дәрігері қызметінен бастаған.
1994-2000 жылдары Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасында жедел гинекология, акушерлік бөлімшелерінде акушер-гинеколог дәрігері қызметін атқарған.
2000-2007 ж.ж. Шымкент қалалық №4 перзентханасында акушер-гинеколог дәрігері қызметін атқарған.
2007 жылдан 2017 жылдар аралығында Шымкент қалалық №2 перзентханасында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
2017 жылдың қаңтар айында ШЖҚ «№4 Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-да босану бөлімшесінде бөлім меңгерушісі қызметіне орналасады.
2017 жылғы 24 қазаннан 2018 жылдың 26 желтоқсан аралығында №4 Облыстық перинталдық орталығында бас дәрігердің медицина жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2019-2023 жылдара аралығында ШЖҚ «№1 Облыстық перинаталдық орталық » МКК-да бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
2023 жылдың 20 наурыздан бастап ШЖҚ «Қалалық перинаталдық орталық» МКК-да бас дәрігердің медицина жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
Акушерия және гинекология мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер.
2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.
Байланыстар
ШЖҚ «Қалалық перинаталдық орталық» МККМекен-жайы:
Email:
РК, г. Шымкент, мкр. Нурсат 188
opc_4@mail.ru