about us icon Пресс-центр

Объявления

icon

Конкурс 2024 жылғы 27 тамыз Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Нұрсәт» мөлтек ауданы, №188, Қалалық перинаталдық орталығының ғимараты, 1-қабат, конференц залы мекенжайы бойынша өткізіледі.

5, июля

Конкурс 2024 жылғы 27 тамыз Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Нұрсәт» мөлтек ауданы, №188, Қалалық перинаталдық орталығының ғимараты, 1-қабат, конференц залы мекенжайы бойынша өткізіледі.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны орналасқан жері: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Нұрсәт» мөлтек ауданы, №188, телефон: 8 (7252) 77-40-25, 87787069065, электрондық пошталық мекен-жайы: orazbaeva_jazira@mail.ru

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Ана мен бала денсаулығын қорғау саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Комплаенс-офицердің негізгі лауазымдық міндеттері:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпарат жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;

анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларға мониторингті жүзеге асырады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;

орталық қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;

ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;

мүдделер қақтығысын, оның ішінде жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестер мәселелерін анықтау, мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

сыйлықтар беру және алу мәселелерін реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және / немесе оларға қатысады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізеді;

квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің ақпаратын тыңдайды;

орталық басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім (құқықтану, қаржы, экономика), бейіндік саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2024 жылғы 2 тамыздан 2024 жылғы 16 тамыз аралығында.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
  2. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Контакты

ГКП на ПХВ "Городской перинатальный центр"

Адрес:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр. Нурсат 188

opc_4@mail.ru

phone icon 1414
Единый контакт-центр
phone icon 77-40-59
Контактный центр медицинского учреждения